Қызылорда қаласында №5 мектеп-лицейде қалалық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып  «Отбасы құндылықтары. Гендерлік саясаттың бүгіні мен ертеңі» тақырыбында дөңгелек үстелде кездесу өтті.

Оған Қызылорда қалалық білім бөлімінің кәсіподақ төрайымы Орынша Алимбетова, Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция бастығының орынбасары полиция майоры Сәуле Салходжинова, ардагер ұстаз Макузия Мусабаева, көп балалы ана, ұстаз Айнұр Сырғабаева және де 8-11-сынып оқушылары қатысты.

Қазіргі таңда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі құқықтық міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекетіміз барлық шараларды қабылдап отырғанына қарамастан, кейбір отбасыларда аналарға және балаларға ерлері яғни, жұбайы әкелері тарапынан жасалатын физиологиялық, психологиялық зәбір көрсету тыйылмай отыр.

Жыл сайын 25 қарашада БҰҰ бас ассамблеясының бастамасымен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық күні аталып өтеді. «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы  10 желтоқсанға дейін жалғасын табуда.

Дөңгелек үстелдің  басты мақсаты ешбір адамға: бала  және әйел адамға қатысты, зорлық-зомбылық жасалмайтын ел  «Бақытты ел- Қазақстан» моделін құрып шығару.

Жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселеге қатысты өз пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы, мұндай жағдайларда мұқтаж аналарға материалдық-моральдық тұрғыдан көмек көрсетіліп, оларды қандай да бір еңбекпен қамтитын, психологиялық жағынан сауығуына көмектесетін, қалыпты өмір сүруіне жәрдемдесетін дағдарыс орталықтарының қажеттілігі туралы әңгіме қозғалды. Сонымен қатар, осы проблеманы шешу үшін құқық қорғау органдары ғана емес, сондай ақ, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының күшін біріктірудің қажетті екендігі де әңгіме арқауына айналды. «Бақытты ел, бақытты бала, бақытты ана – Қазақстан» ұранын ұстанған жастар көңілді қайтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!