«Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлықтың аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырды.

Қызылордалық оқушылар кинологиялық<br>орталықтың жұмысымен танысты


Оқушыларға Кинологиялық орталықтың аумағы көрсетілді. Балалар кинологтар мен олардың қызметтік иттерінің жұмысымен танысты, атап айтқанда: есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қылмыскерді құрықтау.

Қызылордалық оқушылар кинологиялық<br>орталықтың жұмысымен танысты


Кездесу барысында экскурсанттарға қызметтік иттердің тұқымдары мен әдеттері, оларды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте қолдану мүмкіндіктері туралы айтылды, сондай-ақ қызметтік иттердің ұзақтыққа жүрігу мен түрлі кедергілерді алу тәсілдері көрсетілді.

Қызылордалық оқушылар кинологиялық<br>орталықтың жұмысымен танысты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!