Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің  патрульдік полиция тобының қызметкерлері мұқтаж жандарға қан тапсырды.

Барлық донорлар медициналық тексеруден өтті. Қарсы көрсетілімдер болмаған соң қан тапсыруға кірісті. Әр донордан 450 мл қан алынды. Процедураның өзі дайындықпен бірге 20 минуттан аспады.

«Бір донор-бір өмір» деп бекер айтылмаған және біздің іс-әрекеттеріміз біреудің анасы мен әкесінің, баласы мен ағасының өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз. Бұл қайырымдылық акция азаматтарға көмек беру ретінде жүргізілуде», – деді полиция капитаны Нұрбол Үсенбеков.

Мұндай акция полиция қызметкерлері үшін дәстүрлі болып табылады және ерікті түрде өткізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!