102 арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, 7 жастағы баласынның үй маңында ойнап жүріп, қайта үйіне оралмағаны туралы арызданды. Жоғалған баланы табуға қалалық ПБ-ның Ақсай ПБ жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері, ТЖД, Ұлттық ұлан сарбаздары және еріктілер жұмылдырылды.
Полицейлер қала ішін көліктерімен аралап, учаскелік полиция инспекторлары көшелердің арасындағы қуыстардың барлығын түгелімен тінтіді. Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде бүлдіршін аман – есен қала шетіндегі көлік жуу орнының жанынан табылды.
Тәртіп сақшылары баланы ата-анасына табыстады.
Дін аман табылған бүлдіршіннің әкесі 102-ге хабарласқан сәттен бастап, бірден іздестіруге кіріскен және кәсібилік пен жеделділік танытқан полиция қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!