Қызылорда облысында есірткіге байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және мұғалімдердің мәртебесін көтеру, олардың құзыреттілігін арттыру және нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмысты дамытуға ықпал ету мақсатында, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен «Мен есірткісіз өмірді насихаттаймын!» ұранымен ұстаздар арасында нашақорлыққа қарсы облыстық байқау өтті.
Байқау оқушылармен күнделікті қарым-қатынаста болатын мұғалімдердің, білім беру ұйымдарында есірткіге қарсы профилактикалық жұмысын ұйымдастыруға бағытталған.

Мұғалімдер үш номинация бойынша сайысқа түсті: «Үздік тәрбие жұмысы» – нашақорлыққа қарсы кездесулер, дәрістер, сынып сағаттарын өткізу; «Есірткіге қарсы үздік акция» – түрлі ақпараттық науқандарды өткізу; «Үндеу» – байқауға қатысушы азаматтарға, жастар мен жасөспірімдерге үндеуін ұсынып, онда бұл мәселенің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді.

Байқаудың ақтық кезеңіне 16 үміткер қатысып, оның төртеуі жеңімпаз деп танылды: Арал ауданы №292 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ембергенова Әсем Салауатқызы, Қазалы ауданы №204 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Өтеналиева Жаңагүл Көпжанқызы, Қармақшы ауданы №279 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Акжигит Айсауле Турабаевна, Қызылорда қаласы №198 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Кагазбаева Шапагат Романкуловна.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!