​Қоғамның тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігі үшін жауапты сала қызметкері – учаскелік полиция инспекторы. Мезгілге бағынбай, жүктелген жауапкершілікті тиісінше абыроймен атқаратын ішкі істер қызметкерлері турасында қоғамда алуан пікір қалыптасқан. Алайда, небір сындарлы сәттер мен қиын да күрделі кезеңдерге куә болып, тыныштыққа үндейтін сала мамандарының еңбектері ескерусіз қалмауы тиіс. Осы орайда, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Достыбаев Мирамбек Калиядинұлын туралы айтпақпыз.
​1984 жылы 01 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ​​ауылында дүниеге келген. 2008 жылдың қаңтар айында Ішкі істер ​​​ органдарына қабылданған.

​Учаскелік инспектордың негізгі міндеті — құқық бұзушылықтар мен ​​ қылмыстардың алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыс, ал қылмыс жасалған жағдайда-тергеушімен немесе анықтаушымен, сондай-ақ басқа да қызметкерлерімен бірлесіп, оны ашу бойынша белсенді жұмыс атқару.

Әкімшілік аймағы Тасбөгет кентінде орналасқан. Тұрғын саны 4866, оның ішінде 2965 ерексектер, 1901 жасөспірімдер.


Әкімшілік аймағында 1 мейрамхана, 2 кафе-бар, 17 дүкен, 1 аурухана, 2 оқу орны, 1 спорт кешені, 1 медициналық орталық, 2 балабақша орналасқан.
Жыл басынан 103 хабарлама келіп түсіп, барлығына тиісті заңды шешім қабылданған.
«Учаскедегі тұрғындар өте қарапайым, көбіне позитивті, жанашыр, түсіністікпен қарайды және жиі көмектеседі. Көбінесе бізге учаске бойынша тұрмыстық , отбасылық жанжалдар, көршілерге шағымданушылар немесе басқа да тәртіп бұзушылықпен азаматтар хабарласады. Бірақ, әрине, кейде неғұрлым ауыр құқық бұзушылықтармен күресуге де тура келеді. Мен үшін ең қызықтысы — адамдармен сөйлесу. Өз қызметінің ерекшелігі бойынша маскүнемдермен, дебоширлермен, психикалық аурулары бар адамдармен, профилактикалық есепте тұрған адамдармен қарым-қатынас жасау керек. Жыл басынан бері бізде 35 азамат профилактикалық есепте тұр. Олардың әрқайсысымен қарым — қатынас тәсілін таңдау маңызды, сондықтан адам одан не қалайтынын, оны дұрыс жолға бағыттауға мүмкіндік бар екенін түсінуі керек», – дейді Мирамбек, жұмыста психологтың дағдыларын қолдану жиі кездеседі.


Қызылорда ҚПБ қызметте өзін ұжым арасында жақсы жағынан көрсете білді.
Айналасындағылар Мирамбекті өз ісінін шебері және білікті қызметкер, сондай-ақ қолынан келген көмегін аямайтын дос ретінде сипаттайды. Мирамбектің пікірінше – нәтижелі жұмыс болу үшін ең алдымен аянбай қызмет ету керек деп есептейді. Мінсіз, адал қызметі үшін бірнеше рет марапатқа ие болған.
Мирамбек Калиядинұлы адал жар, қамқор әке. Ауыр жұмыс күнінен кейін, біздің кейіпкер өзін сағына күтетін жақындарына, отбасына асығады. Жұбайы – Гулфайрус Болатқызымен 2008 жылы шаңырақ көтеріп, қазіргі таңда 4 баланың әкесі, қызы – Қаусар және Шұғыла, ұлдары – Нұрислам мен Нұриман.
Гулфайрус ақылды, дана айел ретінде, отағасының қызметі ауыр екенін біле тұра, оған қолдау көрсетіп, жұмыстан келген кезде, оны жылы жүзімен қарсы алады. Бұл отбасында әрдайым күлкі мен шаттық үні естіліп, жылулық пен жайлылық орнаған. Ерлі-зайыптылар өздерінің өсіп келе жатқан ұлдарының да болашақта әкесі сияқты полиция қызметкері болғысы келетінін мақтанышпен жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!