Қызылорданың тергеу изоляторы мен түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың арыз-шағымдарын, өтініштерін саусақ таңбасының көмегімен өкілетті органға жөнелтілетін электронды терминалдар орнатылды. Қазіргі таңда мекемелердегі барлық сотталғандарға терминалды пайдалану бойынша оқыту жүргізілді.  

Осы электронды терминал арқылы сотталушы немесе айыпталушы  азаматтар өзінің жеке ісі бойынша тікелей сотқа, прокуратураға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз-шағым жасай алады.Ол үшін алдымен, сотталған арыз-шағым немесе өтініш хат берген терминалдан сандық түбіртегін алады. Бұл түбіртек оның өтінішін, арызын  қарау кезегі болып саналады. ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген О. есімді азамат өзінің жеке ісі бойынша электронды терминал арқылы облыстық прокуратураға өтінішін жолдады.

Бұл дегеніміз қамауында отырған айыпталушылар мен сотталған азаматтардың құқықтық қызметтерді алуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау,  қолжетімділікті арттыру болып табылады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!