Алматыда полицейлер жол жүру ережесін бұзып, желідегі парақшасына бұл туралы видео жүктеген ресейлік блогерді жауапқа тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде ресейлік блогер түсірген видео тарады. Мұнда ол жол жүру ережесін бұзып, көлігін рұқсат етілмеген жерге қалдырғанын және бұл үшін полицейлердің мемлекеттік нөмірін алып кеткенін айтқан. Сөзінше, кейін полицейлермен келісіп, «рахметін берген соң» нөмірін қайтарып алған. 

Алматы полициясының мәліметінше, Ресей Федерациясының 21 жастағы азаматы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылған. 

Жергілік полиция қызметі блогерге келесі құқық бұзушылықтар бойынша хаттама толтырған:

  • “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 601-бабы «Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау»;
  • “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 596-бабы 2-бөлігі «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу»;
  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 591-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы».

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!