Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жылға арналған Ораза кестесін жариялады. Биыл қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады.Мамырдың 8-нен 9-на қараған түні – Қадір түні. Ораза айт 13 мамырда басталады.ҚМДБ Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 420 теңге болып бекітілді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!