Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы пітір-садақа мөлшерін белгіледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рамазан айында берілетін пітір-садақа мөлшері қандай болатынын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. Елордада өткен баспасөз мәслихатында ол пітір 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелгенін түсіндірді. 

“Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады”, – деді Бас муфти.

Айта кетейік, барша мұсылмандары үшін қасиетті Рамазан айы 23-ші наурызда басталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!