Осындай ерекше сыйлыққа ие болдым.
Жақында ана атанған әнші Ақерке Бүркітбай күйеуі Әли Оқапов сыйлаған көлігін көрсетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жаңалығын ол Instagram-дағы парақшасында бөлсті.
«Қуанышты сәтімді сіздермен де бөліскім келеді. Бүгін осындай ерекше сыйлыққа ие болдым. Көп нәрсе жазғым келеді, бірақ барлығын жеке айтуды жөн көрдім! Рақмет саған, менің қолдаушым, қорғаным!» – деп жазған ол.
Желі қолданушылар өнер иесін бұл қуанышымен құттықтап, пікір жазған.
«Қызым, бөпеңнің бауы берік болсын .Тұлпарың құтты болсын», «Ақерке, қызым, қосағыңмен қоса ағар. Баланның бауы берік болсын. Мың бір атты, жүз бір атты пәледен сактасын», «Құтты болсын! Адал келін бол, бақытты бол, балапанның бауы берік болсын», «Сен маған ұл сыйласаң, мен саған гүл сыйлаймын болыпты. Игілігіңе мін», – деп жазған олар.
Фото: instagram.com/akerkeburkitbay
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!