Облыстық дін істері басқрмасы мен ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстары негізінде деструктивті діни ағымның алдын алу мақсатында «Нұр-Мубарак» университеті жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының» директоры, «Нұр-Мубарак» университетінің ұстазы, РАТТ мүшесі Нүсіпханов Тимур мекемедегі дінге сенуші ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті. Кездесу барысында Т.Нүсіпханов «Ислам экстремизм мен терроризмге қарсы» атты тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Т.Нүсіпханов өз сөзінде: «Ислам» сөзі араб тілінде «Бейбіт» деген мағынаны білдіреді және Ислам дінінде зорлық-зомбылыққа, қаскөйлікке жол берілмейді. Сондықтан әрбір мұсылман көркем мінез иесі болуы тиіс», – деді.
Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!