Республикалық референдумға 4 күн қалды. Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы 4 сервисті жүзеге асырды.

https://referendum.orda.gov.kz/kk сайты тұрғындар үшін үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мұнда азаматтар сайтқа кіру арқылы өз учаскесін анықтап, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын және такси құнын да көре алады.

Бүгінгі күнге дейін сайтты 5000-нан асатұрғын қолданған.  

Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграм https://t.me/referendumKzo_bot желісінде бар. 

– Референдум кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда.

2 ауысыммен жұмыс істейтін 24 диспетчер 25 күннің ішінде 1000-ға жуыққоңырауға жауап берді. Сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы және дауыс берушілерді уақытша тіркеумәселелеріне қатысты,-дейді мекеме директоры Темірхан Мұқанғали. 

Сондай-ақ, дауыс беру күні Қызылорда қаласындағы 5 учаскеде онлайн сервис ашылып, тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады. Олардың да тізімі аталған сайтқа енгізілген. 

№198 РУ – №5 мектеп-лицей

№250 РУ – №261 орта мектеп

№189 РУ – №136 мектеп-лицей

№264 РУ – №264 мектеп-лицей

№347 РУ – №271 орта мектеп

Айта кетейік, Қызылорда өңірінде 380 референдум учаскесі бар. Мұнда 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!