Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қазақстанның мобилизациядан қашқан ресейліктерді ұстап бермейтіндігі жарияланған еді.
Байқоңырда Ресей азаматтарын ішінара мобилизациялау бойынша іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әскери қызметке өз еркімен түскен тұрғындар ғана жұмылдырылуы мүмкін. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімге сәйкес, Байқоңыр қаласында РФ азаматтарын есепке алу-шақыру жұмыстары әскери комиссариат арқылы жүргізіледі.
«Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екенін ескере отырып, қазіргі уақытта Ресей азаматтарын соғысқа шақырту шаралары жүргізілмейді», – делінген Байқоңыр қаласының ресми сайтында.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қазақстанның мобилизациядан қашқан ресейліктерді ұстап бермейтіндігі жарияланған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!