Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жерасты экскурсиясында қаза тапқан туристердің ісіне қатысты Қазақстан азама ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 23 тамызда сот отырысы өтіп, онда қазақстандық азаматқа қатысты ағымдағы жылдың 21 қазанына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының азаматы тергелуде, ол айыпталушы болып табылады», – деп хабарлады СІМ.
Біз экскурсияларды онлайн брондаумен айналысатын Sputnik негізін қалаушы және бас директоры Александр Ким туралы айтып отырмыз. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық Мәскеудегі экскурсияға қатысты күдікті ретінде қарастырылып отыр. Ол турды ұйымдастырушы Никита Дубаспен бірге ұсталды.
20 тамызда күндіз Мәскеуде қатты жаңбыр жауаған. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, жеті адамнан тұратын топ экскурсоводтың сүйемелдеуімен Мәскеу кәріздері арқылы Неглинка жерасты өзеніне экскурсия жасаған. Құрамында кәмелетке толмаған үш бала бар топпен байланыс үзілген. Артынша сегіз адамның мәйіті табылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!