Ресейлік әйел өзін жігіт ретінде таныстырып, Астана қаласының тұрғындарынан ақша алып отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

алаяқ26 жастағы қыз әлеуметтік желілерде жалған профиль ашқан. Содан кейін «Никита» лақап атымен астананың жалғызбасты тұрғындарымен танысып, оларды өзіне ғашық еттіп, интимдік сипаттағы фото жіберуді өтінген.

Суреттерді алғаннан кейін, алаяқ оларды желіге жариялаймын деп қорқытқан.

Жеке фотосуреттерін таратпауы үшін әйелдер оған ақша берген. Сөйтіп, алаяққа 130 мың теңге аударған 31 жастағы елорда тұрғыны полицияға жүгінген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында елордада осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталған Ресей азаматының бес алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Шетелдік қамауға алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!