Фото: ашық дереккөзден
Ресейлік визажист Гоар Аветисянның экстремизмге қатысы бар-жоғы Салтанат Нүкенованы қолдаған видеоға байланысты тексерілмек. Бұл туралы SMARTNEWS.KZ басылымы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Дерек көздерінде Қазақстандық құқық қорғаушы Антон Бударов ресейлік блогердің үстінен шағым түсіргені жайлы айтылады.
Визажист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Қазақстанның экс-министрі азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтіргені туралы айтып, марқұмның ағасы Айтбек Амангелдінің парақшасына сілтеме жасаған. Арнаның мәліметінше, Бударов бірнеше рет визажистің парақшасынан экстремизмді қолдайтын жазбаларын көргенін айтқан. Өйткені азаматша Ресейге қарсы көзқарасымен танымал болған. Демек блогердің өзі – шетелдік агент. Телеарнаның хабарлауынша, белсенді құқыққорғаушы Гоарды тексеріп, жазалауды сұрап арыз жазған.
Еске салайық, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша екінші сотталушы Бақытжан Байжанов елордалық сотта жауап беріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін 11 сәуір жауап алу кезінде қылмысты жасырды және хабарламады деп айыпталған Бақытжан Байжанов алғашқы айғағын адвокаттың қысымымен бергенін айтқан еді. Ол алғашында қорыққанынан айғақ бергенін айтты. Адвокаты былай айтпа, олай айтпа дегенін, кейіннен желтоқсанда адвокатының Бишімбаевтың адвокаттарымен сөйлесіп келіскенін түсінгенін жеткізді. Сосын оның қызметінен бас тартып, осы жағдайлардан кейін шынайы куәлік бергенін мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!