Фото: azattyq-ruhy.kz
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ресейліктерге ел азаматтығын сату туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Stopfake.kz мәліметінше, интернеттің қазақстандық сегментінде Ресей азаматтарының Қазақстан азаматтығын сатып ала алатыны жайлы дерек тарады. Құны 6500 еуродан басталады және бөліп төлеуге болады. Сондай-ақ, қазақстандық паспортты алғаннан кейін бірқатар артықшылық беріледі екен. Оның ішінде тегін медициналық көмек алу, 90 елге визасыз бару және америкалық E-2 визасын алу мүмкіндігі бар.
Ішкі істер министрлігібұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.
«Интернетте ішкі істер органдарында бірқатар көші-қон қызметтерін алу, оның ішінде азаматтыққа қабылдау, құжаттарды жинау және ресімдеу қызметтерін көрсететін компаниялардың жарнамалары жариялануда. Айта кету керек, бұл фирмалар азаматтықты да, жеке басын куәландыратын құжаттарды да бермейді. Осыған байланысты ІІМ осы саладағы интернет арқылы алаяқтықтың ықтимал жағдайлары туралы ескертеді. Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдірушілер ішкі істер органдарына жеке өзі жүгінуге тиіс. Бұл ретте құжаттарды сенімхат бойынша немесе үшінші тұлғалар арқылы беруге тыйым салынады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!