«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын

конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес апостиль қою бойынша өкілеттіктерге ие ұйымдар ретінде төмендегі мемлекеттік органдар айқындалған.

Атап айтқанда,

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі – әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға;

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға;

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі – көші-қон полициясының құрылымдық бөліністерінен шығатын ресми құжаттарға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архивінен және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi – Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшiрмелерiне;

      Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (келісу бойынша) – сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнен және (немесе) олардың аумақтық бөлiмшелерiнен шығатын ресми құжаттарға;

      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша) – прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне.

      Көрсетілген органдар апостиль қою жөніндегі өкілеттіктерді өздерінің аумақтық органдарына беруге құқылы.

Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияда апостиль мөртаңбасының нысаны кемінде 9х9 см. мөлшеріндегі шаршы түрінде көзделген.

      Алайда, апостиль мөртаңбасы мәтінінің қарпі оның таңбалануы мен оқылуының қолайлылығы үшін оның алаңы шегінде ұлғайтылатындай 13х13 см. мөлшерде.

     Мөртаңба мәтіні тек қана Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде толтырылады.

А.Жақсылық,

Қызылорда облысы Әділет департаментінің

бас маманы

Фото: zakon.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!