Республика күні – ел тарихындағы маңызды бетбұрыс. Ол тек мереке емес, біздің егемендігімізді, еркіндігімізді және ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін күн. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болған осы салтанатты күн ел мерейін еселей түсетіні рас.

Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы – туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу. Сондықтан егемен еліміздің болашағын жарқын ету жолында бірлесіп, аянбай еңбек етейік.

Ниетіміз – ақ, көңіліміз кіршіксіз қалыпта Отанымызбен мақтанайық, бірлігімізді нығайтайық, елдігімізді танытайық, бірге қуанайық. Атаулы мерекеде еліміздің тұғыры биік, рухы асқақ болсын!

Әсетхан БАЙМҰРЗА,
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы»
Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!