Фото: collage smartnews.kz
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Сәуле Әбілдаханқызы Олимпиадаға бір күн қалғанда жарысқа қатысудан бас тартқан легионер теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева туралы ойын айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Олимпиадада спортшыларымыз жеңілген жоқ. Саясат жеңілді. Спорт деген – саясат. («Кім кіммен?..» екенін көрсетеді. Саясатта «Бізбен бірге еместің бәрі – жау» деген қағида бар)
Санкция салынып, әлем теріс айналған Ресейге кей тұста (сауда-саттықта, орыс рублінің құнын түсірмеуде, нан-тұзбен, бауырсақпен, етпен, шашу шашып, әндетіп күтіп алып, төрімізге шығаруда, жеке ЦОН ашып беруде, тіпті ірі компанияларын былай қойып, блогерлерінің өзі Қазақстанға кеп табыс тауып отырғаны т.с.с.) Қазақстан «көмектесіп» отырғанын олар білмейді емес, біледі. Әрине, сол себепті төрешілер мықтылардың өздерін төмендетті. Ресейден ажырамай дос боп отырған, көмектесіп отырған қазақтарды барынша аяқтан шалу алдын-ала келісілген, шешілген», – деп жазды.
Ресеймен арадағы достық пен қастық Олимпиададағы спортшылардың жүлде алып-алмауына қатты әсер еткенін де жаза кетті.
Біздің осындай жағдайда Ресеймен бірге «қара тізімге» кіріп кетпей, қатысып, азды-көпті медальмен қайтқанымыздың өзі абырой.
Соғыс боп жатқан Украинаның өте табысты болуы – ол елді Еуропа, АҚШ қолдап отырғанының тағы бір көрінісі.
Әрине, біздегі спорттағы жемқорлық, кей спортшылардың дайындығы төмендігі, екі-үш спортшының ұтып тұрған жерінен жеңісті қолдан беруі т.б. факторлар да «жығылғанға жұдырық» болды. Ол «жығылғандарды» өзіміз де «жұдырықтадық», – дейді ол.
Сондай-ақ журналист күзде басталатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дұрыстап дайындалу керегін айтты.
«Ұлы дала ойындары – көшпенділердің ұлттық ойындарында дұрыс нәтиже көрсетуге бар күшімізді салу керек. Әйтпесе ұят болады. Ақшаны да, спортшыларды да аямаңдар, таяқтап жүріп жаттықтырыңдар.
(Суреттегі екеудікі де сол саясат, қазақты аяқтан шалу. «Ты чёёё….. РФ қара тізімде ме, біз де бармаймыз» деген саясат)», – деп жазды журналист.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!