2024 жылдың тамыз айынан бастап тәжірбиеге енгізілген «Робот сот орындаушылар» азаматтардың қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беруде.

«Робот сот орындаушысы» -атқарушылық іс жүргізу саласы бойынша жеке тұлғалардан 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы мемлекет кірісіне өндіріп алу санатындағы атқарушылық өндірістерді жеке сот орындаушысына дейін орындауға мүмкіндік береді.

«Робот сот орындаушысы» ерекшелігінің бірі –оның қызметі үшін ақы алынбайды. Жеке сот орындаушысы өз қызметі үшін белгілі бір пайыздық төлем алатын болса, ал робот жүйеде бұл шығындар алынбайды. Бұл халықтың атқарушылық процесін қаржылық  тұрғыдан қолжетімді етеді.

Мысалы, өңірімізде 2025 жылдың есепті кезеңі бойынша робот сот орындаушысының өндірісінде жеке тұлғалардан 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгісоманыөндіріп алу бойынша барлығы 425 850 323 теңгені құрайтын 16 489 атқарушылық іс жүргізу орындауда болған.

Оның ішінде, 84 581 935 теңгені құрайтын3 394 атқарушылық іс жүргізу айыппұлдың төленуіне байланысты орындаудан қысқартылған. Яғни, робот сот орындаушысы арқылы жеке тұлғалар жеке сот орындаушысының қызметінің ақысына төленетін 21 145 483 теңгені үнемдеген.

Робот сот орындаушысының жеке сот орындаушылардан айырмашылығы –қарыз сомасының шегінде тек бір ғана банк шотына инкассалық өкім қоя алады.

Сонымен қатар, азаматтардың ыңғайлылығы үшін берешекті онлайн төлеу мүмкіндігі қарастырылған, төлем жасалғаннан кейін барлық шектеулер автоматты түрде алынады.

Бұл жоба сот орындаушылармен байланысуды қажет етпейді, барлық процес онлайн жүзеге асырылады, ал өндірісті тоқтату үшін және қойылған тыйымдарды алыптастау үшін түбіртектер мен өзге де құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ.

Атқарушылық іс жүргізу саласын цифрландырудан басқа, жоба  азаматтарға жылына шамамен 5 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Азаматтардың ақшалай міндеттемесін төмендету, әділет органдарының жұмысын одан әрі цифрландыру бағытындағы шаралардың қоғамға берері көп.

Бұл цифрлық технология 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауды айтарлықтай жеңілдетеді және робот сот орындаушысы жылдам, тиімді, ашық және ақысыз қызмет көрсету арқылы халыққа пайдасы зор.

З.Ержанова,
Қызылорда облысы Әділет
департаментінің сот орындаушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!