Жастарды жат ағымнан сақтап, оларды тура жолға бағыттауда ұлттық құндылықтың маңызы зор. Осы мақсатта қолға алынған «Руханият керуені» жобасы талай жанның көңіліне медет. «Ораз Ахун» қоғамдық бірлестігі жоба аясында 40-тан аса кездесу өткізді.

– Жобаның мақсаты – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау, деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру. Біз осы бағытта тұрғындармен, мектеп оқушылары мен ұстаздармен, арнаулы орта және жоғары оқу орны студенттерімен, қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырдық. Әрине, жауапкершілігі зор жұмыста тынымсыз еңбектенген жан ғана нәтижеге қол жеткізеді. Біздің ең бірінші байқағанымыз, ұлттық құндылық пен рухани иммунитет қана бәрін жеңе алады, – дейді бірлестік директоры Ақтолқын Нұрмағамбетова.

«Тәрбие басы – тал бесік» деген қазақы сөзді ойға алған Ақтолқын Алтынбайқызы ұлттық тәрбиенің әуелі отбасынан бастау алып, қоғамда да елді аузына қаратқан шешен азаматтардың жастардың ұлттық болмысын қалыптастыруға ықпал етуі керек деп санайды. Бірлестік өткізген 40 іс-шараның әрбірінде дәстүрді берік ұстанып, ұлт мүддесін ту еткен азаматтар қатысты.

Нұртөре ДӘУЛЕТ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!