Келте ақылдың кесірі көп. Ал, кісілік келбетті қалыптастыратын көркем мінез адамды кемелдендіре түседі. Осы тұста, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі, имам Елдос Жұмаділдәнің қатысуымен тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында имам жазасын өтеушілерге имандылықтың игілікке бастайтынын айтып, ой бөлісті. Өмірдің сын сағатында сынып қалмай, адамгершілік қасиетті сақтап қалуды және сабырлы болудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, жазасын өтеуші азаматтарды жеке қабылдап, көкейдегі сұрақтарына жауап берді.
– Танымдық бағытта өткен бұл кездесу ой-сананы түзеп, өмірге оң көзқараспен қарауға септігін тигізді деп білемін. Имамның ізгілік пен даналықты дәріптеуі, айтқан керекті кеңесі жазасын өтеушілерге рухани қолдау болды. Мұның теріс қадамнан тыйылып, дұрыс таңдау жасауға ықпал етері анық, – дейді мекеменің жедел бөлімінің теологиялық оңалту тобының жедел уәкілі Қайсар Жамалов.
Күйзелісті жеңілдетіп, ойды орнықты ететін тағылымды кездесулер алдағы уақытта да өткізіле бермек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!