Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында несиеге сатып алынған қымбат мүліктерге де сән-салтанат салығы салынатынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Сән-салтанат салығы сол нысанға салынады. Сондықтан, оны қалай сатып алғаны маңызды емес. Қолма-қол ақшаға сатып ала ма, несиеге сатып ала ма, бәрібір. Бастысы, сатып алған жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті тіркеу алымын төлеуі керек», – деді Әлібек Қуантыров.
Айта кетейік, жаңа Салық кодексінде сән-салтанат салығын қымбат мүліктерге салу ұсынылып отыр.
«Сән-салтанат салығын енгізу бойынша бірнеше елдің тәжірибесі бар. Біз оның бәрін қарастырып жатырмыз. Франция бар, мысалы. Одан кейін Еуропалық Одаққа мүше бірнеше елдің мысалы бар. Сондай-ақ, АҚШ-тың тәжірибесі бар. Басқа да мысалдар бар. Оның бәрін қарастырамыз», – деген болатын Әлібек Қуантыров.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!