Фото: Сәуле Әбілдаханқызының фейзбуктегі парақшасынан алынды
Журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы сақалы бар жас жігіттерді қатаң сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол танымал қырғыз этнографының «атасы, әкесі бар адам сақал қоймайды» дегенімен келісіп, «қазақта да осылай» деп оның сөзін растады.
«Сауатсыз сақалит сәләфиттер осыны біліңдер! Атасы, әкесі бар адам сақал қоймайды. Сақал – үлкендік жол, әулеттің үлкені, қария, ақсақал дегенді білдіреді. Елуден асып, немерелі болып, ата болғанда сәндеп, күзеп, түзеп сақал қойса да бір жөн. 17-18…-20-30 жастағы санасыздар селдіретіп не жалбыратып сүйкімсіз сақал қойып, текесақал боп, өз сүйкімін өздері кетіріп жүр», – деп Сәуле Әбілдаханқызы Facebook-тағы парақшасында жазды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!