Құрметті достар! Дәл қазіргі сәтте есірткіге байланысты мәселелер қоғамда үлкен қауіп төндіріп отырғаны рас. Әрбір жас ұрпақ үшін есірткіге тәуелділіктің кесірі орасан зор. Есірткі – бұл тек денсаулықты бұзып қана қоймай, өмірдің барлық салаларын уландыратын қауіпті фактор. Ол адамның ақыл-ойын бұзып, тұлғалық дамуын тежеп һәм ең өкініштісі, өмірге деген құштарлығын жояды.
Есірткіге тәуелділік – ұзақ уақытқа созылатын және кейде қайтымсыз процесске алып келеді. Бір реттік қолданудың өзі адамды шырмауы шешілмейтін тұзаққа түсіруі мүмкін. Есірткі тек денсаулыққа ғана емес, әлеуметтік жағдайға да зиян келтіреді. Мәселен, оқу процесі мен жұмыс істеу кезіндегі тигізер кері әсері, отбасы мен достар арасындағы қарым-қатынасқа келтірер зияны көп болады. Өзі өмір сүріп отырған қоғамнан алыстатуға әкеліп соғады. Бұл өте өкінішті…
Десе де, соңының өкінішпен аяқталарын сезбей, аз уақыт аралығында бойындағы бар болмысынан, күш-жігірінен айырылып жатқан жандарды көргенде еріксіз налисың.
Біз болашағымыз үшін күресу қажетпіз. Әрқайсымыз есірткіге қарсы белсенді әрекет етуіміз керек. Өзімізді, жанымыздағы жақындарымызды қорғау, сау қоғам құру, жас ұрпаққа дұрыс бағыт көрсету және сол бағыттан айнымау – бұл біздің басты міндетіміз. Есірткімен күресу үшін білімімізді, ой-өрісімізді кеңейтіп, дұрыс таңдаулар жасауымыз қажет.
Құрметті жас ұрпақ! Өмірдің құндылығын бағалаңыздар! Алдағы уақытта әрбір қадамыңыз салауатты өмір салтын ұстануға, өз армандарыңызды жүзеге асыруға бағытталсын. Өйткені болашақ біздің қолымызда!
Есірткіге қарсымыз, таза болашаққа ұмтылайық!
Ержігіт НҰРЛЫБАЙ,
Е.Бозғұлов атындағы
№249 мектеп-лицей оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!