Фото: GOV.kz
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 51-бабының 1-тармағына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тиісінше бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен төлей отырып, негіздер болған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.
1. Құжаттарды қабылдау:
- «Азаматтарға арналған үкімет»Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
- www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі-портал);
- «e.license.kz Е- лицензиялау порталы» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Кейінге қалдыру/мерзімін ұзарту үшін құжаттар тізбесі
- Болжамды графигін қоса бере отырып, белгіленген нысанда салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтініш.
- Шарттардың бағаларын көрсете отырып, контрагент-дебиторлардың тізбесі.
- Бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі (бағалау сомасы берешек сомасынан асуы тиіс) қоса берілген кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар не кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты.
- Кепілмүлкін сақтандыру шарты.
- Мүлікті кепілге беруге жұбайының (зайыбының) нотариалды куәландырылған келісімі не заңды тұлғаға қатысушылардың шешімі.
- Жарғылық құжаттар (заңды тұлғалар үшін).
- Мүлікке ауыртпалықтың болмауы туралы анықтама.
3. Ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар (шарттар)
- Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудің болжамды графигін қоса бере отырып, Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтінішсалық төлеушінің орналасқан жері бойынша беріледі.
- Тиісті контрагент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағалары (өзге де міндеттемелердің көлемдері мен олардың туындау негіздері)және оларды орындау мерзімдері көрсетіле отырып, салық төлеушінің контрагент-дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың (міндеттеменің өзге де туындау негіздерінің бар-жоғын растайтын құжаттардың)көшірмелері қоса беріледі. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаға қолданылмайды.
- Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар-жоғын растайтын құжаттар; салық төлеушіге еңсерілмейтін (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары)салдарынан нұқсан келтіру -салық төлеушіге қатысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу фактісін растау; дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті есепке алмағанда)біржолғы салық төлеуге мүмкіндік бермеуі – тиісті уәкілетті орган өтініш берілген күнге дейін он жұмыс күнінен ерте емес берген, жеке тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы жылғы кірістері, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі туралы мәліметтер; соттың төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы-соттың заңды күшіне енген шешімі.
- Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту үшін – бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі қоса берілген кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар. Бұл ретте бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеуші кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейін он жұмыс күнінен ерте емес жасалуға тиіс.
- Банктің кепілдігімен салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту үшін – кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі;
- Кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;
- Кепілге қойылатын мүлік жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу графигін бұзған жағдайда, кейінге қалдырудың немесе мерзiмiн ұзартудың қолданылу кезеңі үшін есептелген өсімпұл, сондай-ақ оны өткізуге жұмсалатын шығыстар ескеріле отырып, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы өтініште көрсетілген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасынан кем болмауға тиіс;
- банк кепілдігінің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;
- банктік кепілдік қайтарып алынбауы тиіс;
- банк кепілдігінің қолданылу мерзімі банк кепілдігімен қамтамасыз етілген, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі міндетті салық төлеушінің орындауының белгіленген мерзімі өткен күннен бастап алты айдан кейін аяқталуға тиіс;
- банк кепілдігі берілген сома салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі міндетін кепілдік берушінің толық көлемде орындауын қамтамасыз етуге тиіс.
Мынадай салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері өзгертуге жатпайды:
- төлем көзінен ұсталатын салықтар бойынша;
- акциздер;
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы;
- қол қою бонусы;
- Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салықтар;
- айыппұл сомаларына қатысты.
Кепіл заттары бола алмайды:
- тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
- электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
- тыйым салынған мүлік;
- мемлекеттік кірістер органдары қойған шектеулерді қоспағанда, мемлекеттік органдар шектеулер қойған мүлік;
- үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
- тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері;
- кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді.
4. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату негіздері
- Салық төлеуші салықтардың және (немесе) төлемақылардың бүкіл сомасын белгіленген мерзім өткенге дейін төлеуі;
- Салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды беру шарттарын бұзуы;
- егер кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларымен келісуі негізі бойынша берілген жағдайда – тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы салық органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беруі, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады;
- сот шешімі бойынша;
- салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау графигінде белгіленген мерзім бес жұмыс күнінен астам уақытқа бұзылуы.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің қолданылуын осы шешімді қабылдаған салық органы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің күшін жою туралы хабарламаны салық төлеушіге жібере отырып тоқтатады.
5. Кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу және өткізу, сондай-ақ банк кепілдігінің орындалуын талап ету
Кепіл мүлкі бойынша
Кейінге қалдырудың немесе мерзімін ұзартудың қолданылуы тоқтатылған кезде (салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды және инвестициялық салық кредитін беру шарттарын бұзуы,сот шешімі бойынша) аумақтық мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкіне өндіріп алуды қолданады не банк кепілдігін орындауды талап етеді.
Кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту бойынша төлем графигін бұзуы салық төлеушінің кепіл мүлкін одан әрі өткізуге беру үшін негіз болып табылады.
Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттықтар өткізу жолымен жүргізеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!