«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қазақстанның қайырымдылық саласындағы ірі донорларының бірі бола отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан еліміздің барлық өңірінде жобаларды жүзеге асырады. Сыр бойындағы кездесу жергілікті ҮЕҰ-дарды ынтымақтастыққа тарту мақсатында ұйымдастырылды.
Үкіметтік емес ұйымдар бұқарада қалыптасқан әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты өз жобаларын ұсына алса, қор тарапы олардың ішінен барынша көп халыққа пайдалы әрі жүйелі, орнықты болатынын қолдауға әзір.
Осы орайда бүгін «Жастар орталығы» ғимаратында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен және бірқатар белсенді жастармен жүздесті. Кездесуде «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева жастарға қордың мүмкіндіктерін ашып айтып, тың идеяларға қашанда қолдау бар екенін жеткізді. – Біз бұл кездесуді аймақтық үкіметтік емес ұйымдарды жаңа әлеуметтік жобаларды ұсынуға ынталандыру үшін өткізуді ұйғардық. Осылайша еліміздің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты идеялар күтеміз. Бұл тұста қорымыз азаматтық секторды шағын бастамаларының ауқымын кеңейтуге шабыттандыруға күш салмақ. Мысалы шағын қаланың бастамалары бүкіл облыс, тіпті бүкіл ел үшін игілікті болуы мүмкін. Бұл дегеніңіз, Қызылорда облысының белсенді ҮЕҰ-ын ынтымақтастыққа шақырамыз, – деді «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева.
Қазір қор өңірді дамыту бойынша жаңа бастамаларға ашық екенін мәлімдейді. Өтінімді қалай беру туралы барлық ақпарат сайтта, «Серіктес болу» бөлімінде қолжетімді: www.sk-trust.kz. Сондай-ақ қорда call-орталық жұмыс істейді: +7 (7172) 57-68-98.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!