Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен мемлекеттік қызметтердің 7 түрі бойынша қызмет көрсетіледі.Онфң 6 түрі өңірлік департаменттер мен аумақтық басқармалар тарапынан көрсетілсе, 1-еуі Комитетпен көрсетіледі. Барлығы да «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметті беруші мен алушының тікелей байланысын шектеп, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметтер көрсетуде заң бұзушылықтарға жол берілмеуі бақылауға алынған.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі бойынша 2025 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат құжаттарын алу үшін барлығы 1280 өтініш берілген, оның 752-сі қанағаттандырылып, рұқсат құжаттары берілсе, 528 құжатқа дәлелді бас тартулар ұсынылған.
Мемлекеттік қызметті алушылардың басым көпшілігі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша жүгінген. Жүргізілген талдаулар көрсеткендей, жыл сайын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық бағыты бойынша мемлекеттік қызметті алушылар саны артып келеді.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мемлекеттік қызметті алу кезінде қызметкерлер тарапынан қандай да бір кедергілер орын алған жағдайда 23-70-22 сенім телефонына хабарласуға болатындығын қызмет алушылар назарына жеткізеді.
Талғат Сердалиев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!