Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық комиссияның құрамы жаңартылды – кейбір мүшелері, оның ішінде Елбасының зайыбы Сара Назарбаева, парламент сенатының депутаты Ләззат Қалтаева, «Отбасы банкінің» бұрынғы басшысы Ләззат Ибрагимова, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова, ҚАЗҰӨУ ректоры Айман Мұсходжаева және т.б. шығарылды.

Жарлықпен бекітілген Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына мына адамдар енгізілді:

Әбден Қарақат Жақсылыққызы – «Қазақ қызы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша),

Әбдірахманова Алина Бауыржанқызы – кәсіпкер, «М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының бизнес-мектебінің басшысы (келісім бойынша),

Байсақова Зульфия Мұхамедбекқызы – «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Гурина Марианна – «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша),

Демесінова Лаура Бағланқызы – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының инвесторлармен жұмыс және бизнесті қолдау секторының басшысы (келісім бойынша),

Жанғазинова Назым Жәнібекқызы – «NazymPR» коммуникациялық агенттігінің негізін қалаушы (келісім бойынша),

Жандосова Баян Айтбекқызы – «Қазақстан Республикасының республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Жүгінісова Айнұр Серікқызы – кәсіпкер, продюсер, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша),

Исина Айман Байболқызы – «Жезқазған қаласы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы – «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша),

Қанай Гүлмира Әмірханқызы – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша),

Қарабасова Лаура Чапайқызы – «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша),

Құсаин Динара Кабдылхаққызы – отбасылық даму және балалар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі сарапшы, «Amansabi.kz» балалар қауіпсіздігі жөніндегі ресурстың негізін қалаушы (келісім бойынша),

Миронюк Татьяна Александровна – «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша),

Молдашева Рыиза Асанқызы – «Семей таңы газеттері – Вести Семей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – бас редакторы (келісім бойынша),

Мұхтарова Найля Алтайқызы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің директоры,

Нұрашева Бибігүл Шәкірбайқызы – еңбек және кәсіподақ құқығы саласындағы сарапшы, «Academy of labour relations» бас директоры (келісім бойынша),

Омарова Айман Мұратқызы – адвокат, құқық қорғаушы, «AU» онлайн-құқықтық мектебінің негізін қалаушы (келісім бойынша),

Омарова Гүлнар Мансұрқызы – «Senimen Bolashaq» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша),

Паули Элина Сергеевна – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары,

Семидоцких Елена Александровна – кәсіпкер, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар ұйымының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы Аналар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша),

Тасбергенова Гаухар Қошқарбайқызы – «Рухани Қазына» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша),

Төленбаева Клара Мүфтиқызы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі (келісім бойынша),

Цветкова Татьяна Ивановна – «Өскемен қаласының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша),

Шалабаева Гүлмира Кенжеболатқызы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша),

Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы – Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша),

Шөжеева Әзиза Тимурқызы – кәсіпкер, «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымының президенті, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша),

Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушысы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының талдаушы-менеджері, саясаттанушы (келісім бойынша);

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!