Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов тілшілердің әскердегі сарбаздардың өлімі қашан азаяды деген сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Әскер қоғамның бір бөлігі болғандықтан, қоғамдағы жағдайлар әскерде де тіркеледі. Әрине біз өлімді азайтуға тырысамыз», – деді Қамалетдинов.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Қорғаныс министрлігі ата-аналарға балалары үйіне аман-есен оралатынына қашан кепілдік беретінін сұрады.
«Сіз бүгін үйіңізге аман-есен жетіп алатыныңызға кепілдік бересіз бе, білмейсіз. Біз қазір жолға шыққанда маған не болатынын білмейміз», – деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.
Қамалетдинов әскерде сарбаздардың қызметтік қарудан жараланып, кейде мерт болып жатқан жағдайлардың себебін түсіндірді.
«Кез келген адам, тіпті әскерде 40 жыл жүрген менің өзім қателесуім мүмкін. Біз әскери қызметкерлер қаруды үлкен тәуекелмен қолданамыз. Сондықтан қандай да бір оқыс жағдайларды алдын ала алмаймыз. Адам ұмытып кетеді, ойға шомады, талап етілетін алгоритмді орындамауы мүмкін. Сондықтан өкінішке қарай трагедиялық жағдайдар тіркеледі», – деп атап өтті ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!