Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сарыағашта «ҚазТрансГаз» мекемесінің газ құбырынан аса ірі мөлшерде көгілдір отын ұрлаған жылыжай иесі сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл тек Түркістан облысы емес, жалпы Қазақстан бойынша ірі мөлшерде газ ұрлау дерегі болып отыр. Кәсіпкерке Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 2,3-тармағы (Аса ірі мөлшерде мұнай-газ құбырынан газ ұрлау) бойынша іс қозғалып, сот үкімімен кінәлі деп танылды. Оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 5 жылға шартты түрде соттау жазасы тағайындалды.

Сотталушы көгілдір отынды ұрлау дерегі бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесіне келтірілген материалдық шығынды толық төлеген.

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының Түркістан өндірістік филиалының дерегінше, былтыр қаңтарда газ саласының мамандары Сарыағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге «Қызыл ту» шаруа қожалығын тексеру кезінде олардың тауарлық газды ұрлағанын анықтаған. Кейін күдікті қашып үлгергендіктен оған халықаралық іздеуде жарияланған еді.

Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктіні көп ұзамай ұстады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!