Фото: Aikyn.kz

Алматыда сауда орталықтарының біріне адамдардың көптеп келуінен дүрбелең туындап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жеңілдікті пайдаланып қалуға асыққан адамдар бір-бірін таптап кете жаздап, келеңсіздік пайда болған.

«Адам көп болғаны сонша – олар бірнеше сауда нүктелері мен витриналарды қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияны шақыруға, адамдарды эвакуациялауға тура келді», – делінген бейнероликте.

Жағдай туралы Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Алматы қаласының Полиция департаменті сауда орталығындағы бір бутикте жеңілдік жарияланғандықтан, келеңсіз жайт орын алған.  Бутик әкімшісінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!