Әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Видео авторы сегіз ересек әйелдің үш қызды соққыға жыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеоның астындағы сипаттамада оқиғаның 6 қыркүйекте Семей қаласындағы мейрамханалардың бірінде болғаны айтылған.

«Сегіз ересек әйел үш қызды ұрып-соқты. Қазір барлық қыздар бас жарақаттарымен, сынықтарымен, денелерінде гематомалармен ауруханада жатыр», – делінген хабарламада.

Абай ауданының полиция басқармасына аталған факті бойынша орталық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі «Бір топ адамдар жасаған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны туралы хабарлады.

«Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді полиция.

Ведомство зардап шеккендердің жасын нақтылады. Олар 1997-2002 жылдар аралығындағы туған.

Сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!