ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ өкілдерімен кездесті.
Кездесуге партия жанындағы облыстық штаб төрағасы Ләйлә Төрешова мен бірқатар штаб мүшелері қатысты.


Кездесу барысында Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова Мемлекет басшысының «Жаңа Қазакстанды» құрудағы алға қойған мақсаттарын түсіндіріп, бұл өзгерістерді жүзеге асыруда халықтың ішкі бірлігі мықты болу керек екенін баса айтты.


«Саяси реформалардың маңыздылығын халық арасында кеңінен түсіндіріп пікірлісіп жүрміз. Конституцияға енетін өзгешеліктердің халықтың талқысына беріліп, референдум арқылы өтетіндігін халық жақсы қабылдап жатыр. Дегенмен біз үшін референдумға халықымыздың мақсатты, ерікті түрде қатысқаны және не үшін дауыс беріп отырғанын сауатты түрде ойлауы, қабылдауы маңызды»,-деді Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова.


Кездесу барысында «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ-нің төрағасы Сағатбек Сиюов бірлестік жұмысымен таныстырды.Бірлестік ұжымы Сенат депуаттына өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, алдағы өтетін науқанда өз таңдауларын жасайтындарын жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!