Шатуновтың балалар үйіндегі қамқоршысы ұлты қазақ Бәтима Болсынқызы болған. Юрий Шатунов бір сұқбатында Бәтимә әжей туралы: «Жаныма ең жақын адамым. Ол менің екінші анам” деп атаған екен. 

1985 жылы анасы қайтыс болып, әкесі қамқорлығына алмай жетім қалған 11 жасар Юра Шатуновты далада қаңғып жүрген жерінен құзырлы орындар ұстап алыпты. Білім саласы басшылары, құқық қорғау орындары қаңғыбас ғұмыр кешкен жеткіншектің тағдырын талқылап жатқан кезде Бәтима Болсынқызы өзі басқаратын Балалар үйіне тәрбиелеуге ұсыныс жасайды. Сол сәттен бастап, дала кезген сотқар баланы ерекше қамқорлығына алып, аналық мейіріммен жүрегіне жол табады. 

Міне осылай Шатуновты өмірінің қиын кезеңінде бауырына басып, қамқорлығына алып, тағдырын жақсы арнаға бұрған Бәтима Бөлесімқызы оның туған анасындай болған еді.

Бәтима Тазекенова педагогика ғылымдарының кандидаты, РФ еңбегі сіңген құрметті ұстазы болған. Юраны асырап алған анасы 2015 жылы дүниеден өтті деп хабарлайды Caravan.kz порталы. Араға 7 жыл салып, баласы да анасының артынан кете барды. 

Танымал әнші 48 жасында жүрек талмасынан өмірден өтті. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!