Жамбыл облысында қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері шекара аумағынан қапқа салынған қару-жарақ табылды.
Жамбыл облысында республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қазақстан – Қырғызстан шекара сызығынан шамамен бір шақырым жердегі ордан полиэтилен қапқа салынған қару-жарақ тапты.
«Өңірлік ҚАЖ департаментінің жедел уәкіл қызметкерлері тәркілеген қаптың ішінен 1 бірлік 5,6 мм калибрлі ұсақ калибрлі «Тоз 8» маркалы винтовка, РГД-5 гранатасы және 50 дана 5,6 мм калибрлі патрондар табылды», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!