Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Базз Лайтер» мультфильмінің Қазақстан аумағында көрсетілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, Instagram-да ата-аналардан аталмыш мультфильмге қатысты сұрақтар мен шағымдар келіп түскен. 

«Баршаңызға жауапты осы хат арқылы беруді жөн көрдім. «Базз Лайтер» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді. Шешім қабылданды», – делінген министр жазбасында. 

Бұған дейін анимациялық фильмді көрсетуге Египет, Ирак, Сирия, Иордания, Сауд Арабиясы мен Малайзияда тыйым салынған еді. 

Айта кетейік, Танымал кино актері, продюсер, режиссер Нұртас Адамбай “Базз Лайтер” мультфильміне тыйым салу керек деген бастама көтерген еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!