Фото: Артём Чурсинов – архив

Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған.

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.

Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңге.

ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!