Шиелі аудандық сотында сот төрағасы Н.Бекетаевтың төрағалық етуімен «Қылмыстық сот ісін электронды форматта жүргізу кезінде туындайтын мәселелер бойынша» дөңгелек үстел өткізілді.

         Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьялары А.Сайдуллаев, Ж.Сарбасова, сот әкімшісінің басшысы С.Сержанов, бас маман Ж.Оспанов, аудан прокурорының көмекшісі Н.Исаев, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Т.Ташкенбай, тергеушілер Ж.Елеуов, Ш.Женсикбаев қатысты.

         Шара барысында сот төрағасы Н.Бекетаев электронды қылмыстық іске тіркелген PDF-форматында әзірленген құжаттардың жолдау тәртібі мен мерзімдері туралы түсіндірме беріп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен сотқа жолданған электрондық қылмыстық істерде жиі орын алатын қателіктерді атап өтті.

         Шара соңында, дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, қылмыстық істі электрондық форматта қарау барысында туындайтын күрделі мәселелерді талқылады.

                                                                                     Шиелі аудандық соты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!