Бүгін республикалық референдум күні Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының перзентхана бөлімінде төрт сәби өмір есігін ашты. Олардың екеуі ұл, екеуі қыз бала.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта аналар мен нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Барлығы медициналық бақылауда болып, тиісті ем-домдарын алуда.
Сонымен қатар, аурухана аумағында ұйымдастырылған жабық референдум учаскесінде ем қабылдап жатқан 115 тұрғын дауыс беріп, өздерінің азаматтық таңдауын жасады. Референдум комиссиясы барлық қажетті шараларды қабылдап, ем алушылардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына толық жағдай жасады.
Айта кету керек, республикалық референдум – ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі. Ол азаматтарға мемлекет болашағына қатысты маңызды шешімдерге тікелей қатысуға мүмкіндік беріп, қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!