Шиелі ауданы Бәйгеқұм елді мекеніндегі  Ханқожа көліне суға батқан 8 жасар бала дер кезінде құтқарылған.

Бәйгеқұм ауылының тұрғыны 1987 жылы туған Ғабит Ахметов баланы көлден сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Оған қоса оны «Шиелі» трассалық медициналық құтқару пунктіне апарған. Трассалық медициналық құтқару пунктінің қызметкерлері аудандық ауруханаға   тасымалдаған.

«Қазіргі таңда құтқарылған баланың жағдайы жақсы. Ғабиттің бұл әрекеті оны «Бүгінгі күннің батыры» деген атқа лайықты екендігін көрсеткендей. Сондықтан да Ғабитке алдағы уақытта да зор денсаулық пен бақ-береке тілейміз. Өңір тұрғындарына балаларды су айдындары маңына балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды ескертеміз», – дейді ТЖД-ның баспасөз хатшысы Айгүл Нұрманова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!