Облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің Шиелі ауданына іссапары бойынша комиссия отырысы өтті.

Оны комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов ашып, жүргізіп отырды.

Жиынға аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысына облыс әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова Қаламқас Каримова комиссия хатшысы ауданымызға іссапармен арнайы қатысып, бірқатар талдаулар жасалды.
Аудандағы әйелдер белсенділігі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын қыз-келіншектердің жобалары, биліктегі нәзік жандар үлесі, әжелер мектебі, «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына қатысудағы жетістіктер сараланды.

Отбасы саясаты мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізілді және мүгедек балалары бар және көп балалы мемлекеттік қызметшілерге арналған психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. 

Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруда рухани – адамгершіліктің бастауы. Отбасының амандығы, толықтығы мен тыныштығы, ауызбіршілігі мен сыйластығы, үйлесімділігі – еліміздің дамуы мен жарқын болашағының көрінісі.

Елімізде әр саладағы әйелдердің үлесін арттыру үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары да жүргізіліп келеді. Оған дәлел – Мемлекеттік маңызы бар құжат қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатындағы Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасы.

Отбасы саясаты жөніндегі Шиелі ауданында атқарылып отырған жұмыстар жайлы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы, аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Кенжехан Есенбаев, «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында баяндама жасауға Шиелі аудандық орталық кітапханасының әдістемелік бөлім меңгерушісі Эльмира Бектұрғанова, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы отбасы саясаты, бала тәрбиесіне қатысты сөз беріліп, бірқатар атқарылған жұмыстары бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!