Көрнекі фото: pixabay.com
Шығыс Қазақстан облысында қасқырлар санының едәуір өсуі байқалады. Олар тек малға емес, адамдарға да шабуыл жасай бастады, деп хабарлайды Altaynews.kz.
ШҚО-да жыртқыштардың санын азайту бойынша шаралар екі жылдан бері қабылданбағаны айтылады, соның салдарынан олардың саны едәуір артқан.
Бұл мәселемен жергілікті азаматтар Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевқа жүгініпті.
«Қасқырлар малға шабады, елді мекендердің аумағына кіреді. Сонымен қатар, адамдарға шабуыл жасау жағдайлары тіркелді. Ақсақалдардың айтуынша, ату жұмыстары алғашқы қар жауған кезде және ақпан айында жүргізілуі керек», – делінген басылымда.
Мәселені шешу үшін заңнамалық деңгейде жұмыс жүргізу жоспарланып отыр екен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!