Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінде су құбыры жарылып, 6,5 мың адам сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, 30 қыркүйек күні сағат 13:00-де Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде суық су құбыры жарылды. 

«Барлығы 6,5 мыңнан астам адам тұратын 32 көпқабатты үй және 68 түрлі мекеме, оның ішінде 4 білім беру нысаны орталықтандырылған сусыз қалды. Құбырдың тым тозуынан осындай жағдай болды», – делінген ақпаратта.

Ұлан ауданының әкімдігі тұрғындарға ауызсуды кестеге сай жеткізіп отыруды бірден қолға алғанын айтуда.

Апат орнында «Молодежный» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына барлығы 12 адам мен 3 техника жұмылдырылған

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!