Швеция полициясы Құранды өртеуге рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Svenska Dagbladet басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, акция 3 тамыз күні Стокгольмде өтеді. Аты-жөнін атамаған әйел акцияның мақсатын Құранның көп адамның өмірін қиғанымен түсіндіріп, қасиетті кітапты өртеуге ниетті екенін жеткізді.»Мен бұл сөздерді бүкіл әлем естиді деп үміттенемін, өйткені діннің саясат екенін мойындау керек. Дін құру – бұл бизнес», – деді ол. Сонымен бірге ол өзін ешбір дінге жатқызғысы келмейтінін, бірақ Киелі кітаптың он өсиетін ұстанатынын айтты.Айта кетейік, маусым айының соңында Швеция полициясы мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Стокгольмдегі бас мешітте Құранды өртеп қарсылық акциясын өткізуге рұқсат берді.Шілде айының соңында Ирактан келген мигранттар Стокгольмдегі парламент ғимаратының жанында Құранды өртеп шеру өткізді.Еске сала кетейік, бұған дейін Даниядағы Мысыр елшілігінің алдында тағы да Құранды өртегені және Дания мен Швеция Құранды өртеу шараларына тыйым салуды қарастыратыны туралы жазған едік
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!