Сурет: depositphotos.com
15 ақпан күні таңғы сағат 06:52-де Қазақстанның сейсмологиялық станциялар желісі Ресей аумағында орын алған жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы «Сейсмологиялық зерттеу институты» мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысының бірнеше елді мекенінде 2-3 баллдық деңгейде сезілді. Атап айтқанда:
- Катон-Қарағай – 3.0 балл
- Марқакөл – 3.0 балл
- Үлкен Нарын – 3.0 балл
- Алтай – 3.0 балл
- Буран – 3.0 балл
- Риддер – 2.0 балл
- Зайсан – 3.0 балл
- Күршім – 3.0 балл
- Самар – 3.0 балл
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!