Фото: wallpaperscraft.com

Еліміздің шығысында тұратын қазақстандықтар уақытты өзгертуден бас тартуды талап етіп петиция жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олардың пікірінше, бұрынғы уақытқа қайту халықтың әл-ауқатын жақсартып, қатерлі ісік, рахит, иммунитет тапшылығы және психологиялық бұзылулардың алдын алады.


«Уақыттың ауысуы нәтижесінде туындауы мүмкін мәселелерді шешуге назар аударып, аймақтағы жағдайды жақсартатын ымыралы шешім табу керек. Өйткені бұрын 1 сағатқа ерте қараңғы болса, қазір 2 сағат. Келешекте бұл мәселелерді шешу өңірдің дамуына және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға қолайлы жағдай туғызады», – делінген петиция мәтінінде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!