Бүгін Мәжіліс кулуарында баяндама жасаған вице-премьер Ермек Көшербаев уақыт белдеуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, бір жыл бұрын ауысқан жаңа уақыт белдеуі өңірлердің көбінде халықтың тыныс-тіршілігіне кері әсер етпеген.
«Адам денсаулығы, балалардың оқу сапасы, коммуналдық шығындар, жол қозғалысы және қылмыстың өсу динамикасы өзгеріске ұшырамаған. Кейбір өңірлерде, әсіресе шығыста адаптация жалғасып жатыр. Тұрғындарға тиімді болу үшін жұмыс уақыты өзгеріп, жұмыс бес жарымға таман аяқталады. Нәтижесінде қалған уақытты тұрғындар жеке басына, отбасына, балаларына арнауға көбірек мүмкіндік алып отыр», – деді Көшербаев.
Ол сондай-а мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет пен Парламент бұл сұрақты жан-жақты қарағанын алға тартты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!